Дөңгелек үстел

 Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдар, электр қуатымен жабдықтау қызметін көрсетуші нарық субъектілері, тұтынушылардың құқығын  қорғау қоғамы, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен электр қуатымен жабдықтау қызметі саласындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді өткізудің негізгі мақсаты электр қуатымен жабдықтау қызметі саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасы талаптарының бұзылуын алдын алу, пікір алмасу, осы саладағы  проблемаларды жан-жақты зерделеу және оларды шешуге ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысының  тұрғындарын электр қуатымен жабдықтаумен  «Даулетэнерго» ЖШС, «Шиелі жарығы» ЖШС және «Энергосервис» ЕЖШС айналысады. Бұл ретте тұтынушыға сапалы және қауіпсіз қызмет көрсету ең маңызды мәселе болып табылады.

Сол себептен электр қуатымен жабдықтау қызметін көрсететін нарық субъектілері аталған саланы реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес жұмыс жасауға міндетті. Атап айтсақ, олар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Қазақстан  Республикасының электр энергетикасы туралы  Заңы, Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 «Коммуналдық қызмет көрсету ережелері»  қаулысы, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидасыҚазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 233 бұйрығымен бекітілген «Электрмен жабдықтаудың үлгілік шарты», Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №111 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары». 

Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін, сондай-ақ тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, көрсетілетін қызметтермен) қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңы реттейді.

        Аталған Заңның 7 бабымен тұтынушылардың құқықтары  белгіленген.   Атап айтсақ, тұтынушылар:

  •  тауарларды (орындалатын жұмысты және көрсетілетін қызметті) иеленуге еркін шарт жасасуға;

 тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы)  туралы ақпарат алуға;

 қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға;

 тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті)  еркін таңдауға;

 тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің)  тиісті сапасына;

 тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтетуге;

 сатушыдан (орындаушыдан, дайындаушыдан) тауарды сатып алу (жұмысты орындау, қызмет көрсету)  фактісін растайтын құжатты алуға;

 моральдық зиянды өтетуге;

 құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға.

Осыған сәйкес Департаментпен Қызылорда қаласының тұрғындары арасында электр қуатымен жабдықтау қызметі саласында тұтынушылардың құқықтарының бұзылуына сауалнама жүргізілді.

Жалпы сауалнамаға 50 адам қатысты. Сауалнамада қойылған сұрақтардың жауабына тоқталсақ,  тұтынушылардың бұзылатын құқығы олар: электр қуатын стандарттарға сәйкес берілмеуіне байланысты тұрмыстық құралдардың күйіп кетуі - (46%), сапасыз қызмет көрсету - (24%), персоналдың әдепсіз қарым-қатынасы – (16%), электр қуатын ескертусіз өшіріп тастау - (10%), жылуға және басқа коммуналдық қызметтерге қарыз болған жағдайда электр қуатын өшірілуі - (2%) құрайды.

 Жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің талаптарын электр қуатымен қамтамасыз ету қызметін көрсететін нарық субъектілері тарапынан мүлтіксіз сақтау алдағы уақытта аталған салада тұтынушылардың құқықтарының  бұзылуын алдын алуға, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсетуіне септігін тигізеді деп пайымдаймыз.                                                                                                                                                            

                                                    

Департаменттің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 582 0