« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.
Қостанай облысында желдің күшеюі 17-22 м/с, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
Павлодар облысында бұрқасын болып, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында тұман, жел 15-20 м/с болады.
Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |