« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық орталық кітапхананың мәжіліс залында «Ұлы дала қазынасы» партиялық бағыты аясында «Ұлттық қолөнерді қолдау мен дамыту мәселелері» тақырыбында отырыс болып өтті. Шараны аудандық орталық кітапхананың әдістеме-библиография меңгерушісі Б.Раева баяндама оқып, жүргізіп отырды.
Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н.Ә Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды,ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды, көздің қарашығындай сақтау келешек ұрпаққа аманат ету. Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және дәріптеу арқылы қазақстандық бірегейлікті, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мен нығайтуға, Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениеті, тілдері мен дәстүрлерін дамытуға жан-жақты әрекет етуге, бірлікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, сондай-ақ өткізілетін іс-шаралар аясында «Ұлы Дала елі» брендін дамытуға ықпал ету керектігін айтып, «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов партиялық бағыттың өзектілігі мен мақсатын таныстырып өтті. Сонымен қатар аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрлерді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Қазақ халқының дәстүрлі өнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтеріліп келеді деген пікірінбілдірсе, ауданның қолөнер шеберлері кесте тоқымашысы С.Сериева, мүйіз өңдеу шебері С.Бурабаев, тоқыма шебері М.Аяшовалар қолдан жасалған туындыларын шараға қатысушыларға ұсынып, Д.Қосназарова «Ұлттық қолөнер ұрпаққа ұлағат» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырды. Шара соңында ҮЕҰ өкілдері, жастар өз пікірлерін білдіріп, жақсы әсер алғандарын жеткізді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |