ОҚЫРМАН ОЛЖАСЫ

Белгілі қаламгер Шыңғыс Айбосынов зейнеткерлікке шыққан соң көргендері мен көңілге түйгендерін ақ қағаз бетіне түсіріп, ұрпақтарға ұлағат етуді мұрат тұтқан.

Шәкеңнің қарымды қаламынан туған деректі хикаяттар оқырмандар олжасына айналған. Олардың қатарында «Қазантаев мектебі», «Тынарбай Төлегенов», «Сыр елінің қайраткер қызы», «Қаламгерлік», «Зейнеткерлік», «Егемендік» атты кітаптары жарық көрген. Енді, міне, жоғарыдағы кітаптардың заңды жалғасындай, екі бірдей туынды – «Қайраткерлік» пен «Балықшы қыз» кітаптары да оқырмандар олжасына айналып отыр.

«Қайраткерлік» кітабы төрт бөлімнен тұрады екен. Кітапта Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жайындағы танымдық мақаладан бастап, батырлар мен билер, аймақтың айшықтануына өзіндік қолтаңбаларын қалдырған айтулы азаматтар жайлы сыр шертеді. «Балықшы қыз» туындысында автор Арал теңізінің ақ бас толқындарымен алысып, ақ шағалаларымен сырласып, ғұмыр кешкен, есімі елге мәлім балықшы Дәмелі Қозбақова туралы, сондай-ақ, балықшы ауыл тұрғындары туралы естеліктерді толғана жазады.

Халықаралық Жазушылар одағының мүшесі Шыңғыс Айбосыновтың туындыларының оқырманға берері мол.

Е.ӘБІЛ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қараша 2017 г. 472 0