
Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Халықаралық мектептер кеңесі аккредитациясынан өтіп, халықаралық деңгейдегі білім сапасы расталды.
2017 жылдың 30 қыркүйегі күні Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне мектеп өмірі мен оқу үдерісінің ұйымдастырылуының халықаралық стандартқа сәйкестігін бағалау мақсатында әлемнің түрлі елдерінен Халықаралық мектептер кеңесінің бір топ сарапшылары келді.
Сапар аясында Франция, Ұлыбритания, АҚШ, Әзірбайжан, Германия, Венгрия, Катар және Ресейдің сарапшылары мектеп командасының жұмысымен танысты, мектеп қауымдастығының барлық мүшелерімен: Қамқоршылық Кеңестің мүшелері, студенттер, ата-аналармен кездесті. Сараптама тобының мүшелері мектептің білім беру,тәрбие жұмыстары мен қаржылық, шаруашылық қызметіне толық талдау жасады. ТМД елдерінің командасы білім беру үдерісі мен мектеп өмірін ұйымдастыру деңгейіне баға берді. Сарапшылар сабақтарға, үйірме сабақтарына, спорттық секцияларға қатысып, мектеп асханасының мәзірімен танысып, мектеп оқушыларына медициналық көмек көрсету қызметімен танысты.
7 стандарт бойынша жұмыс топтарының мүшелерімен кездесулер өткізілді: мектеп өмірінің барлық аспектілерін қамтитын «Басшылыққа алынатын ережелер (миссия және көзқарас)», «Оқу мен оқыту», «Басқару және көшбасшылық», «Қызметкер», «Оқу мен оқытудың қолжетімділігі», «Мектеп мәдениеті», «Ресурстық қамтамасыз ету» стандарттары бойынша және мектеп жұмысының 200-ден астам көрсеткіштерге сәйкестігіне бағалау жасады.
«Сапардың қорытындысы бойынша сарапшылар тобы мектеп жұмысында бірқатар оң аспектілерді атап өтті: мұғалімдерді кәсіби дамытуға, оқу мен оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік беру; оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жоғары деңгейі; мектеп оқушыларының қызығушылығын, көшбасшылық қасиеттерін, ғылыми қызметін дамытуға бағытталған теңдестірілген сыныптан тыс жұмыс; әкімшіліктің сыртқы байланыстарды тарту арқылы оқушылардың білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету; оқушылардың көшбасшылығын дамыту және оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар арасындағы ашық, тиімді және шынайы қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сараптама тобының мүшелері бір айдан кейін халықаралық аккредитациядан өтуге лайық деп есептеп, бағалау нәтижелерін жариялады. Мен мұны бүкіл мектеп қоғамдастығының еңбегі деп санаймын», - деп атап көрсетті Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Жұматай Бақыт Әмірханұлы.
Халықаралық аккредиттеуден өту үдерісінің өзі – 4 кезеңнен тұратын өте күрделі үдеріс. Мектеп алдымен ХМК-мен бірлесе жұмыс жасауға ниет білдіріп, өтініш берді. Содан кейін «Аккредитацияға үміткер» мәртебесін алғаннан соң, мектеп өзінің қызметін белгіленген стандарттар мен көрсеткіштерге сәйкес бағалауға кірісті. Өзін-өзі бағалау бойынша жұмыс мектеп қауымдастығының толық қатысуымен жүргізілді. Өзін-өзі бағалау нәтижелерінің дұрыстығы мен сенімділігін халықаралық тәуелсіз сарапшылар тобы бағалады.
«ХМК қоғамдастығына қосылу бізге білім беру үдерісінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Өзімізді халықаралық стандарттарға сәйкес бағалап, біз мектептің дамуының күшті және әлсіз тұстарын анықтадық, халықаралық мектептерді басқару саласында мол тәжірибесі бар халықаралық мамандардың ұсыныстарын ескеруге мүмкіндік алдық. Осы арқылы біздің мектеп оқушылары үшін жоғары сапалы білім алуды және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу мақсатында барынша қолайлы жағдай жасауды жоспарлап отырмыз», - деп түсіндірді мектеп директоры.
Халықаралық мектептер кеңесі (ХМК) білім беру саласындағы жоғары стандарттар мен жаңа жетістіктерді ілгері дамыту үшін құрылған әлемдегі ең танымал ұйым болып табылады. Бүгінгі таңда беделді клубтың әлемнің 109 елінен 667 мектебі, 490 университеті мен колледждері бар. Халықаралық мектептер кеңесі әлемдегі үздік 50 ЖОО-мен жұмыс істейді.
Қызылорда мектебінің дүниежүзілік деңгейдегі элиталық білім беру ұйымына кіруі әлемнің үздік университеттеріне мектеп бітірушілерін ілгерілету, халықаралық көрмелерге қатысу, білім беру саласында жоғары білікті мамандарды іздеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бірқатар артықшылықтарды береді, атап айтсақ, оқушыларды, үйлестірушілерді және мектептерді біріктіретін көрмелерге қатысу, ресурстарға қол жеткізу; шәкірттерді ХМК-ның Халықаралық Студенттік Жүлдесіне қатысуға тағайындау мүмкіндігі.
Елдің жеті Назарбаев Зияткерлік мектебі қазірдің өзінде аккредиттелген. Оқу жылы ішінде тағы алты Зияткерлік мектеп халықаралық аккредитациядан өтеді деп жоспарлануда. 2019 жылға дейін барлық мектептер аккредитациядан өтеді.