2017 жылы туристер ең көп барған қала белгілі болды

Сарапшылар 2017 жылы туристер ең көп барған қала Гонконг екенін мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Euromonitor International-ға сілтеме жасап ТАСС жазады.
Осы жылдың өзінде ғана Гонконгқа 25,5 миллионнан астам турист барған. Сондай-ақ, 23,3 миллион саяхаттаушы Бангкокте болыпты. Одан кейінгі туристер көп барған қала Лондон екен. Бұл қалаға қыдырып барған адамдар саны 19,8 миллионға жеткен.
Сондай-ақ туристер көп барған қалалардың қатарында Сингапур, Макао, Дубай, Париж, Нью-Йорк, Шэньчжэнь мен Куала-Лумпур бар.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2017 г. 393 0