
«Қазгидромет» РМК алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болатынын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктер 9-11 қарашаға арналған ауа-райы болжамын ұсынды.
«Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын болады. Суық фронттар, кезекті циклонмен бізге суық арктикалық және жаңа арктикалық фронттарды алып келеді. Сол себепті Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, солтүстік облыстарда қар жауады. Еліміздің біраз өңірінде қатты жел соғып, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстікте жаңбыр аралас қар жауады. Температура әртүрлі өзгереді, бірақ климаттық нормадан 3...5 С жоғары болып қалады», - деп жазылған хабарламада.