
Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа-райы болжанады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромедке сілтеме жасап.
Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз.
Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі (15-20 м/с) болжанады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын, жел күшейеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің күшеюі (15-20 м/с) болжанады.
Павлодар облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз көктайғақ болады.
Түнде Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан областарының кей жерлерінде жел соғады (15-20 м/с).
Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болатыны болжанды.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан областарының кей жерлерінде тұман түседі.