
Ағымдағы жылдың 1-5 қараша аралығында Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының «Өнерім-рухани қазынам!» ХІІІ Ұлттық жастар дельфийлік ойындарында ыммен ән айту номинациясы бойынша облыстан №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы түзету мектеп интернатының 9 сынып оқушысы Қуандық Еркебұлан бақ сынап, Алтын медаль иегері атанды.
Қуандық Еркебұлан 2018 жылы ТМД елдері арасында өтетін Халықаралық Дельфийлік ойындарда еліміздің намысын қорғайтын болады.
Дәстүрлі іс-шараға жыл сайын 10-25 жас аралығындағы дарынды балалар мен жастар қатысады. Шығармашылық жарыс 20 шақты өнер түрлерінен тұрады.
Дельфий ойындары – өнердің барлық түрі (бейнелеу, орындау, қолданбалы, ауызша, әлеуметтік, экологиялық) біріккен, қазіргі жағдайда сұранысқа ие, өнер саласындағы жас кәсібилердің кешенді сайысы болып табылады.
Ойындар мәдени мұраны сақтауда, жас таланттарды іздеу мен қолдауда, өсіп келе жатқан жастарды эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның рухани қалыптасуына көмек, мәдениаралық диалогқа жәрдемдесу және мәдениеттің алуан түрін дамытуда тиімді құрал болып табылады.