Сыр спортшылары Әлем, Азия чемпионаттарынан табысты оралды

Алматы облысы Талдықорған қаласында ұлттық жекпе-жектен жастар және ересектер арасында  өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 3 жүлдені иеленді. Атап айтсақ, ҚР жеңімпаздары  жастар арасында сынға түскен Бахтияр Мұхамедияров 65 келі салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанса, осы салмақта Досбол Арыстанов -  күміс, 48 келіде Еркеғали Мизамов -  қола жүлделерді иеленді. Алтын жүлдені еншілеген Бахтияр Мұхамедияров жеңісіне орай ҚР спорт шебері нормативін орындады.
Үстіміздегі жылдың 9-10 желтоқсан  күндері Астана қаласында грэпплингтен өтетін ҚР кубогына үш спортшымен қатар, облыс құрама командасы қатысады. Сондай-ақ, Сочи (Ресей) қаласында панкратионнан өткен Әлем чемпионатында ересектер арасында шеберлік байқасқан Саламат Қалжанов (+100 келі) пен жастар арасында Ғани Әділсерік (60 келі) қола жүлделерді еншіледі.
Спортшыларды жарысқа Арман Мәделханов дайындады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қараша 2017 г. 442 0