
Қазалы ауданы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 айда 8 млрд. 290 млн теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 3,4 пайыз. Өнеркәсіп саласының 87 пайызын құрайтын өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 7 млрд 2559 млн теңге болып, нақты көлем индексі 100,8 пайызды құрады.
Бүгінде ауданның шағын және орта кәсіпкерлік саласында 4072 субъект тіркелген. Олардың 247-і заңды тұлғалар, 473-і шаруа қожалықтары, 3352-і жеке кәсіпкерлер. Бұл салада 8805 адам жұмыспен қамтылды.
Биылдан бастап күшіне енген бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы «2020 жылға дейінгі бизнестің жол картасы» жаңа бағдарламасы үлкен мүмкіндіктер ашуда. Жыл басынан бері бағдарлама аясында жалпы құны 308,0 млн теңгені құрайтын 11 жоба бойынша несие алынып, субсидиялануда.
6 жобаға «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы 109,6 млн.теңге кепілдік берілді.
Өз ісін жаңадан бастау үшін аталған бағдарлама аясында 1 кәсіпкерге 500,0 мың теңге қайтарымсыз негізде грант берілді (ЖК А.Дүйсенбаева «Түйе жүнінен көрпе жасау» жобасы).
Ауданда «Өндірістік аймақ» ұйымдастыру жобасы бойынша 12,7 га жер учаскесіне инженерлік-инфрақұрылым желілерімен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 159,7 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. Аймаққа 9 жобаны орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнге жалпы құны 70,0 млн теңге құрайтын 3 жоба жұмыс атқарып тұр. 33 жаңа жұмыс орны ашылды.
1.Тазартылған, құйылмалы ауыз су шығару жобасы «Zhankent LTD» ЖШС («Тамшы су» ЖШС қайта тіркелді);
2. Күріш өнімдерін өңдейтін және ұн сақтау қоймасын кеңейту жобасы. Жеке кәсіпкер Б.Бөлебаев;
3. Құрылысқа қажетті темір-бетон, пеноблок шығаратын шағын зауытын іске асыру. Жеке кәсіпкер Р.Мамбетжанов
Ал, қалған жобалар бойынша іске асыру мерзімдеріне сәйкес толық бақылауға алынып, жобалардың қаржыландыру жолдары зерттелуде.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолы бойының 96 шақырымы Қазалы ауданы аумағынан өтеді. Бүгінгі таңда, аудан бойынша автокөлік дәлізі бойынан 5 жоба бойынша жер учаскесі берілді.
Атап айтқанда, «Сыр маржаны и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жалпы құны 170,0 млн теңге құрайтын «В» санатты жол бойы қызмет көрсету кешенінің құрылысы. Бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарының 90 пайызы аяқталып тұр. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Жеке кәсіпкер А.Байсуганованың (трассаның 1475+500 шақырымынан) «С» санатты жол бойы сервистік қызмет көрсету кешенін салу жобасы бойынша қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі.
«Sinooil» ЖШС-і жанар-жағар май станциясы құрылысын салу жөніндегі жобасы бойынша жоба-сметалық құжаттары сараптамадан өткізілді. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемесі белгіленіп, құрылыс жұмыстары қыркүйек айының аяғында басталады.
«ДинГул» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Т.Басенов тарапынан (трассаның 1521+392 шақырымынан) «С» санатты жол бойы сервистік қызмет көрсету кешенін салу жобасына 0,5 гектар жер учаскесі табысталды. Қазіргі таңда, сәулет-жоспарлау тапсырмасы негізінде салынатын нысанның жоба-сметалық құжаттары дайындалуда.
«Глобал Алатау Груп» ЖШС-нің (ТС) «D» санатты жол бойы сервистік қызмет көрсету кешенін салу жобасы бойынша жер учаскесін 10 000 шаршы метрге дейін ұлғайтуға жұмыстарын жүргізіп, қазіргі таңда ескі жанар-жағар май құю бекетінің құрылысын бұзуға рұқсатын алды. Қазіргі таңда, аталған жобаның жоба-сметалық құжаттары сараптамадан өткізілуде.