«ЖАСЫЛ ЕЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ

Жазғы демалыстар кезінде немен айналысуға болады? Пайдалыны жағымдымен үйлестіруге тілек білдіргендер үшін оңтайлы шешім «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасына қатысу болады, онда сіз ақша таба аласыз, жаңа таныстықтарға ие болып, өз далаңыздың экологиясына септігіңізді тигізе аласыз.
2005 жылдан бастап елбасының бастамасы бойынша жазғы демалыстар кезінде жастарға әр түрлі бағыттар бойынша студенттік отрядтарда жұмыс істеуге: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру (ағаштар отырғызу, кесу, ормандарды, су қоймаларын және т.б. санитарлық тазалау), өз қалаңды көгалдандыруға мүмкіндік беретін «Жасыл Ел» бағдарламасы жұмысын бастады. Аталмыш бағларлама соңғы жылдары өзін барынша белсенді ірі студенттік құрылымдардың бірі ретінде көрсете білді. Бүгінде елде 200 мыңнан астам «Жасыл ел» сарбаздары бар. Қозғалыс Республиканың он төрт облысында он бір жыл бойы әрекет етуде.
Бағдарламаны іске асыру және жалпы студенттік отрядтардың жұмысын іске асыруға әр аймақтағы Жастар саясаты жөніндегі мәселелер бойынша басқарма жанынан ашылған Жастар отрядтарының республикалық штабтары жетекшілік етеді.
Егер сіз «жасыл сарбаздардың» бірі болуға бел бусаңыз, шартты жасау үшін қажетті құжаттарды өзіңізбен алып өз қалаңыздағы студенттік отрядтар штабына жүгініңіз. Студенттерге арналған бағдарламаның тартымдылығы мен қолайлығы – іріктелу кезінде сізге міндетті түрде сұхбаттасудан өту керектігінде. «Жасыл Елге» қатысу тәжірибесі болашақ экологтарға, құрылысшыларға және инженерлерге ерекше пайдалы.
Облыстық штаб сіздің жұмыс берушіңіз сияқты жұмыс кезінде сізбен еңбек шартына қол қояды, жұмысқа арналған арнайы киімді және қажеттілігі болған жағдайда көлікті ұсынады. Еңбекақы мөлшері туралы айта отырып, жұмыс көлемдеріне байланысты ол 30 000-нан 150 000 теңгеге дейін түрленеді.
Еңбек шартын жасауға арналған қажетті құжаттар:
жеке куәлік;
зейнетақы қорынан шарт;
банктік дербес шот;
егер студент 18 жасқа толмаса, ата-анасынан жұмыс істеуіне жазбаша рұқсат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2017 г. 1 012 0