Еліміздің бірнеше облысында жел күшейіп, көктайғақ болады

Синоптиктердің болжауынша бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Тек батыста, оңтүстікте, солтүстікте және солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 18 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қараша 2017 г. 510 0