
2 қараша күні Қазақ драма театрында Қызылорда және Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониялар арасындағы Меморандум және Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қызылорда облыстық филармониясының «Сырдан ескен сазды әуен» атты ән кеші өткізілді.
Концерттің мақсаты – филармониялар арасындағы шығармашылық тәжірибе алмасу және гастрольдік ынтымақтастықты нығайту, Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен дәстүрлерін сақтаудың, әлемдік және отандық музыка жауһарларын дәріптеудің негізі болып келеді. Айтулы концертің шымылдығы «Мәдениет қайраткері» төс белгісінің иегері Үміт Медеуованың орындауындағы Ғ.Құрманғалиевтің «Елге сәлем» әнімен ашылып, Республикалық дәстүрлі әншілер байлауының лауреаты Зүлфия Баймырзаның орындауындағы халық әні «Әдемі қыз», Тұрмағамбет Ізтілеудің «Тәлім» термесімен жалғасын тауып, халық назарына ұсынылды.
Сондай-ақ концерте «Тұран» триосы, Назерке Нұраддинова, Олжас Нұралиев сынды әншілер өнер көрсетіп, көңілді ырғақты әндерімен халықтың рухын, көтерді. Әсіресе мың бұралған билерімен «Томирис» би ансамблі де көпшілікті сүйсіндірді.
Кеш соңында Батыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мұсағалиев Қадырболат Қабдырұлы Қызылорда облыстық филармониясының ұжымына ізгі ниетін білдіріп, Алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Ата кетейік, аталмыш концерт театр залында екі мәрте өтті.