ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМДЕР ҚҰРЫЛЫМЫ ӨЗГЕРЕДІ

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне өзгеріс енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, бүгінге дейін көпбалалы аз қамтамасыз етілген отбасыларына төленіп келген арнайы мемлекеттік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы бір жәрдемақы жүйесіне біріктіріледі.
Бұл туралы жуырда Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. Министрдің атап өткеніндей, жалпы жәрдемақының көлемі бұрынғымен салыстырғанда жоғары болады. Сонымен бірге аз қамтамасыз етілген отбасыларына бірқатар мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі. Бұл орайда жаңа кәсіптерді меңгеру үшін тегін оқыту, микрокредиттер беру бойынша жеңілдіктер қарастырылған.

Ж.ӘЛМАХАН.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2017 г. 562 0