ДОЛЛАР БАҒАМЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

Алдағы уақытта доллар бағамының ұлттық валюталарға қатысты құнының қандай болатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Тіпті, ол бұрын айтылып жүргеніндей мұнайдың сатылу бағасына да қатысты болмай қалды. Сарапшылар оның бағамы АҚШ-тың президенті Трамп пен федералдық қаржы жүйесінің жаңа басшысының іс-қимылынан туындайтын шешіміне байланысты болуы әбден мүмкін екендігін де айтты. Себебі, міне, ондаған жылдардың көлемінде әлемді «кезіп» жүрген АҚШ долларының құны ешқандай материалдық игіліктермен қамтамасыз етілмеген «көпіршік» болып шықты. Осы орайда Трамп федералдық қаржы жүйесімен бірлесе отырып бірқатар реформаларды жүзеге асырмақшы. Сарапшылардың пікірінше, доллар құны жуық арада ұлттық валюталарға қарағанда оншалықты қымбаттай қоймайды.
Бұл орайда сарапшылар жыл аяғына дейін 1$-360 теңге бағамын нарықтық құн ретінде бағалайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2017 г. 546 0