
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 80 жылдық мерейтойына арналған «Жұлдызды 30 күн» атты жоспар аясында «80 жылдыққа 80 минуттық жаттығу» тақырыбында университет профессор-оқытушылары мен студенттерінің сенбілік сергіту сәті өтті.
Сенбілік сергітуге оқу орнынан 200-ге жуық адам қатысты. Шара барысында арқан тартыс, кір тасын көтеру, жүгіру және өзге де спорт түрлерінен сайыстар өтті.
Сыр өңіріндегі 80 жылдық тарихы бар университетте үлкен жетістіктердің бастауы, толайым табыстардың жаршысы бола білген 500-ге жуық білікті профессор-оқытушылар қызмет етеді. Шара соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.