«АҚМЕШІТ» КӨРЕРМЕНДЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

Облыстық филармония жанынан ашылған «Ақмешіт» фольклорлық ансамблі – Сыр бойының төлтума өнері мен ұлттық фольклорын насихаттау мақсатында құрылған өнер ұжымы. Кәсіби мамандардан құралған ұжым елге рухани азық боларлық шараларға белсене қатысып келеді. Соның бірі ретінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында Шиелі ауданының  елді мекендерінде қойған концерттерін атап өтуге болады.  
Ансамбльге халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Нұрбай Нұрғиса жетекшілік етеді. Бүгінде «Ақмешіттің» репертуарындағы қазақ композиторларының күйлері мен халық әндері жаңаша өңдеумен көрермендер назарына ұсынылып жүр.
Шиелідегі өнер кештерінде халық әндері мен халық композиторларының шығармаларын орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, концерттік бағдарламада ансамбль солисттері Е.Әбдіразақов,  Б.Қарғабаев, Б.Төлеубаев, Э.Қалхожаева сынды өнер майталмандары  орындаушылық  қабілетімен  ерекшеленіп ауыл тұрғындарының  ыстық ықыласына бөленді.

А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ. 


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қараша 2017 г. 597 0