«Астана» төртінші рет қатарынан Премьер-лига жеңімпазы атанды
Елордалық клуб чемпиондыққа ең соңғы турда қол жеткізді.
«Астана» 33-турда Оралдың «Ақжайығымен» кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы екі голды да Жуниор Кабананга салды. Осылайша «Астана» 79 ұпай жинап, Қазақстан Премьер-лигасының 2017 жылғы жеңімпазы атанды. Екінші орынға елордалық клубтан бір ұпайға кем жинаған алматылық «Қайрат» жайғасты. Атап өтерлік жайт, «Астана» осымен футбол біріншілігін төрт рет қатарынан жеңіп отыр.