
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес жобалық басқару негіздері бойынша тыңдаушыларға қажетті бастапқы білім беру, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асырудың тетіктерімен оларды таныстыру мақсатында 23 - 27 қазан аралығында «Мемлекеттік басқарудағы жоба менеджменті» тақырыбында 40 сағаттық семинар өткізілді.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылдың 12 сәуірінде халыққа жолдаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» – деп ерекше тоқталып, бұл өзекті мәселені жеделдетіп іске асыру жайын атап өткен болатын.
Осыған орай, семинар аясында 2 қараша күні «Латын әліпбиі – уақыт талабы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Семинарға мемлекеттік қызметшілер қатысып, іс-шараны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты А.М.Абасилов бастады. Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алысты.