Заман ағымымен қатар жүру басты міндет

Соңғы кезде жаңалықтардан көп айтылып жүрген тақырыптың бірі – латын әліпбиіне көшу мәселесі. Бұл ұсыныс алғаш 10 жыл бұрын сөз етілгенде, ауылы алыс көрінген болатын. Енді, міне, жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып, халық арасында кең талқыланып, пікірлері тыңдалды. Көптеген пікірлерге сәйкес шешім қаралып, Елбасы үстіміздегі жылдың 26 қазанында латын әліпбиін енгізуге байланысты Жарлыққа қол қойды.
Айта кететіні, біздің Қазақстанда маңызды шешім қабылданбас бұрын, міндетті түрде бұқара халықтың пікірі бірінші кезекте тұрады. Ал, өзге мемлекетте бұндай шешімдер талқыға салына қоймайды.
Өз басым латын әліпбиіне көшуді толықтай қолдаймын және бұл жаңашылдық әлемдік өрниетке аяқ басуымызға септігін тигізеді деп сенемін.
Галия Гизатуллина,
татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2017 г. 461 0