
«Астана» ФК ойыншылары израильдық «Маккабиді» Европа лигасының топтық кезеңінің қарымта матчында 0:1 есебімен жеңді.
А тобының төртінші туры Нетания қаласында өтіп, ойын қазақстандық клубтың 0:1 есебіне аяқталды.
Алғашқы таймда есеп ашылмады. Алаң иелерінің есепті ашуға мүмкіндіктері болғанмен, астаналық қақпасы Ненад Эрич допты қайтара білді.
Ойынның 56-шы минутында ганиялық Патрик Твумаси соққан голды поляк төрешісі Павел Рачковски есепке алмады. Бірер минуттан кейін Абзал Бейсебековтің асырған пасынан Твумаси екінші рет «Маккабидің» қақпасын көздеп, қайта гол соқты.
Нәтижесінде «Астана» алаң иелерін 1:0 есебімен ұтып, 3 ұпайға ие болды. Ал жалпы «Астана» төрт турдан кейін 7 ұпаймен «А» тобында екінші орында келеді.