
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалында Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуын талқылау мақсатында жастар мен мәслихат депутаттарының кездесуі болды.
Қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахмановтың төрағалығымен өткен жиынға Әбдірахманов Шәріп Әкбарұлы, облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, бірқатар мемлекеттік орган басшылары мен жастар қатысты.
Кездесуді ашқан «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов Елбасының әр жылғы Жолдауы – тарихи құжат екендігін айтып, оның стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын жеткізді. Сонымен қатар Жолдауда Елбасы ел жастарына ерекше тоқталып, оларды әрдайым қолдап отыратынын тілге тиек етіп, ел дамуындағы жастардың рөліне тоқталды.
– Кез келген мемлекеттің дамуы, болашағы сол елдің жастарына байланысты. Біздің алдымызға қойылып отырған ортақ міндет – 30 дамыған елдің қатарына ену болса, міне, осы жолда сіздердің, жастардың алар орындарыңыз ерекше», – деді Шәріп Әбдірахманов.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 26 жыл ішінде жастардың қазіргі заман талабына сай білім мен тәрбие алуларына жағдай жасап, сол бағытта «Болашақ» бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама бұрынғы Кеңес үкіметі құрамында болған елдердің ішінде тек біздің мемлекетте ғана жүзеге асырылып келеді. «Болашақ» бағдарламасының арқасында жастарымыз Америка, Еуропа, Азияның мықты деген жоғары оқу орындарында білім алып келіп, қазір еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет етуде. Бұл Елбасының жастарды әрдайым қолдап, оларға үлкен сеніммен қарайтынын білдіреді. Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыр ендігі жерде елдің қуаты мен қозғаушы күші Сіздеге тікелей байланысты» – деді өз кезегінде сөз алған облыстық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы депутатық фракциясының мүшесі Жорабек Нұрымбетов.
– Белсенді жастар өңіріміздің және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуда, оларды қолдау бізге міндет.«Жетістіктер де, сәтсіздіктер де – өз қолдарыңызда. Сіздер тек алға жылжып, үлкен биіктерді бағындырыңыздар. Мен сіздерге тек сәттілік тілеймін», – деді Шиелі аудандық мәслихатының депутаты Нәйлә Палымбет.
Кездесуде жастар халық қалаулыларына өздерін толғандыратын сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды.