ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»  КММ-сі «Қазақстан – рухани келісім мекені» атты облыстық шығармалар байқауын ұйымдастырды.
Аталмыш шығармалар байқауына аудан және қалаға қарасты мешіттерден барлығы 30-ға жуық шығарма келіп түсті. Шығармашылық байқаудың бір ерекшелігі – байқау тек діни бірлестіктер арасында өтті.  Байқауға белсене қатысқан діни бірлестік өкілдері еліміздің ұлтаралық татулықты сақтаудағы ерекшелігін, дінаралық келісімнің жолға қойылғанын көркем тілмен жеткізе білді.
Шығармаларды тілші, тіл маманы, діни бірлестік өкілінен құралған қазылар алқасы бағалады.
Нәтижесінде Төретам кентіндегі «Жәрімбет ата» мешіті мен Свято – Казанский храм иконы Божией матери шіркеуі І орын, қалалық «Айтбай» мешіті мен «Надежда» шіркеуі ІІ орын,  қалалық «Нұр» мешіті мен «Любовь» шіркеуі ІІІ орын иеленді.





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қараша 2017 г. 417 0