
Үш тілділік саясатын ұстанатын біз үшін ағылшын тілін меңгеру басты міндет. Неғұрлым көп тілді меңгерген сайын, соғұрлым мүмкіндігіміз де арта түседі.
Қызылорда облысының Әділет департаментінің қызметкерлері ағылшын тілін оқып-үйренуде. Департамент қызметкерлерінің білімін нығайтуға бағыттау мақсатында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасымен келісімге отырып, ағылшын тілін үйрену курстары ұйымдастырылды. Оқыту курсының ұзақтығы бір ай, яғни ағымдағы жылдың 31 қазанынан бастап 1-желтоқсанға дейін өткізіледі. Қызметкерлердің шет тілін үйренуге деген ынтасы мен талпынысын ескере отырып, қараша айында екінші топты оқыту жоспарланып отыр.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында шет тілін үйрену мәселесі көтерілген. Өз тіліңді жетік меңгеріп, өзге тілде сөйлей білу қоғам талабы. Сондықтан да ағылшын тілін меңгеру арқылы азаматтар өз елінде бәсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз.