Нейроинсультты орталыққа түскендер саны ойландырады

Нейроинсультты орталыққа түскендер саны ойландырадыҚызылорда. Өткен екі жылда облыстық медицина орталығындағы нейроинсультты орталыққа келіп түскен науқастар саны көпшілікті ойландырады.  
«Сол уақыт аралығында орталыққа миға қан жетіспушілікпен (ишемиялық) -1042, қан құйылумен (геморрагиялық) 309, бір реттік соқпалы кезеңмен (беттің қисайуы, тілдің күрмелуі, қол мен аяқтың істемей қалуы)-622 адам түсті дейді- осы орталық меңгерушісі Оңталап Өмірзақұлы. Дәрігердің айтуынша, мұндай белгілерді байқағанда деру жедел-жәрдем шақырып, "Алтын сағатты" яғни алғашқы 3 сағатта науқасқа жәрдем көрсетілсе, тез сауығады екен. Бұл жерде еңбек жасындағы жандардың үлесі басым болуда» делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2014 г. 870 0