
«Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Жаңа күн» бағдарламасында Төтенше жағдайларды жою бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Ә.Марданов тікелей эфирде су тасқыны кезеңінде мол суды қауіпсіз өткізу жөнінде, сонымен қатар облыстық азаматтық қорғау қызметтерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы сұхбат берді. Әрі қарай сұхбатты Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Р.Малдыбаев тікелей эфирде 2017-2018 жылдардағы жылу беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі, көмір қышқыл газымен уланудың алдын алу жолдарын телекөрермендерге айтып түсіндірді.
Сұхбат барысында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментің қызметкерлері жұмылдырылып, адам өмірі мен денсаулығын, меншікті және қоршаған ортаны өрттен қорғау аясында өрт қауіпсіздік шараларын өткізіп келеді. Оның ішінде: тұрғын үйлердегі тұрмыстық жағдайдағы от жағу пешінің қауіпсіздігі және көмірқышқыл газына уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Облыс бойынша әр аптаның сенбі күні «Өрт қауіпсіздігі сенбілігі» болып жариялап, жыл басынан бері 66 616 тұрғын үй араланып, 329 102 тұрғынға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Өрттің басты себебі, көп жағдайда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандықтан орын алады.
Құрметті облыс және қала тұрғындары!
Өрттің пайда болуының алдын алу үшін келесі өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажет:
Пеш жағу маусымы алдында пешті және мұржаны тексеріп, оларды жөндеп, күйеден тазалап, жарылған жерін сылап, мұржаны әктеу керек. Пештерді және мұржаны жөндеуге, салуға мамандандырылған адамдарды шақырту керек;
жылыту пештерінің алдына еденге 50-70 см қаңылтыр қағып қойыңыз;
қолдан жасалған электр қыздырғыш құрылғыларын қолданбаңыз;
төсекте шылым шекпеңіз;
үйден шығарда барлық газ және электр құрылғыларының өшірілгеніне көз жеткізіңіз;
сіріңкелер мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз, кішкентай балаларды қадағалаусыз қалдырмаңыз!
Өз үйімізді өрттен сақтайық!
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабар беріңіз.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы