
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің көркіне айналған «Нұр Әлем» павильоны 11 қарашада ашылады, деп хабарлайды Baq.kz «Қазақпарат»-қа сілтеме жасап.
Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Кулянов мәлімдеді. Бірақ ол павильонның ішінде қандай өзгеріс болғандығы жөнінде толық ақпарат берген жоқ.
«Қандай өзгеріс болғандығы туралы кейін айтамыз. Шамамен 7-8 қарашада бұл тақырыпқа арнайы брифинг өткіземіз», - деді ұлттық компания өкілі.
Ол ЭКСПО-ның басқа нысандарына қатысты жоспарлар өзгермегендігін растады.
«ЭКСПО аймағында орналасқан басқа ғимараттарға тоқтайтын болсақ, жоспарға сай, олар қайтадан жабдықталады. Ол жерге АХҚО, IT-орталықтар және басқа да жобалар орналасады. Бұрынғы павильондардың орнына кеңселер дайындаймыз», - деп түйіндеді Кулянов.