« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылордада Яндекс Такси сервисі жұмысын бастады. Енді қала тұрғындары таксиге мобильді қосымша немесе сайт арқылы тапсырыс бере алады.
Машинаға тапсырыс беру үшін диспетчерге қоңырау шалу қажет емес: Яндекс Такси пайдаланушының орналасқан жерін автоматты түрде анықтап, тапсырысты бәрінен бұрын келуі мүмкін жүргізушіге жібереді. Қызылордада таксиді күту уақыты орта есеппен 5 минутты құрайды, машинаның қозғалысын қосымшадағы қаланың картасынан бақылап отыруға болады.
Қызылордада бірыңғай тариф қолданылады: сапардың минималды құны 200 теңгеден аспайды, бұл сомаға машинаны беру және 2 шақырым жол кіреді, одан ары әрбір шақырым үшін ең көбі 40 теңгеден есептеледі. Мысалы, 200 теңгеге Нартай Бекежанов атындағы Драма театрынан Орталық қалалық мәдениет және демалыс паркіне дейін жетуге болады. Қала сыртына шыққанда маршруттың әрбір шақырымы үшін 80 теңгеден артық сома есептелмейді.
«Біздің технологияларымыз бен алгоритмдеріміз таксиді ыңғайлы және қолжетімді көлік түріне айналдырды. Тапсырысты автоматты түрде жақында жүрген жүргізушіге беру арқылы біз машинаны беру уақытын, яғни қызметтің өзіндік құнын қысқартамыз, себебі жүргізуші клиентке бүкіл қаланы айналып бармайды. Қазіргі уақытта Қызылордадағы ең қолжетімді қызмет біздікі болып отыр», — дейді Яндекс.Такси халықаралық даму қызметінің басшысы Мушег Саакян.
Таксиге тапсырыс бергенде баратын жердің нақты мекенжайын білу міндетті емес, мекеменің немесе ұйымның атауын көрсету жеткілікті – сервис оны картадан тауып, маршрут құрады. Оның үстіне, қосымша машинаны беру үшін анағұрлым қолайлы орынды ұсына алады. Мысалы, кейбір жағдайларда жолдың екінші бетіне өту жеткілікті, сонда машина тезірек келеді, ал сапардың құны төмендеу болады.
Яндекс Такси таксопарктермен және диспетчер қызметтерімен жұмыс істейді, жүргізушілермен тікелей байланысқа шықпайды. Тапсырыстарды үлестіру барысында қосымша пайдаланушылардың бағалауларына және орындалған сапарлардың статистикасына негізделген жүргізушінің рейтингін есепке алады. Қызылорда қаласында сервиске төрт серіктес таксопарктен 350 автокөлік қосылған. Қазақстанда сервис Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Орал, Өскемен, Семей және Шымкент қалаларында қызмет етеді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |