« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қызылорда облыстық білім басқармасы мен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 1 қараша күні колледж базасында «Латын графикасына көшу – болашақтың жарқын бағдары» тақырыбындағы облыстық семинар ұйымдастырылды. Семинар мақсаты – латын әліпбиін қоғамға насихаттау, қолданысын кеңейту, ана тіліміздің жаһандық ғылым мен білімге кірігуін, рухани тұтастығын қамтамасыз ету. Латын әліпбиіне көшудің алғышарттарын енгізу.
Семинарға қаладағы Техникалық және орта арнаулы оқу орындарының әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мен тарих және қоғамдық пәндер оқытушылары, Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушылары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары қатысты. Алдымен колледж директорының міндетін атқарушы Ж.Қ.Тоғанова сөз алып, шараның мақсатын, латын әліпбиіне көшу мәселесінің өзектілігі және қоғамда қалыптасқан сан алуан пікірлерге қатысты өзінің оң көзқарасын білдіріп өтті.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы ф.ғ.к. Б. Боранбай сөз алып, латын әліпбиінің Сыр өңірінде насихатталу жұмыстарына тоқталды. Қызылорда облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ж. Ерекешова «Жаңа әліпби – жаңғырудың негізі», колледждің қоғамдық пәндер оқытушысы С. Мәлімова «Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г. Мұхиддинова «Қазақ графикасындағы латын графикасының орны», қоғамдық пәндер оқытушысы Г. Исаева «Латын әліпбиі және қоғамдық сана», «Негізгі орта білім беру» мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 4-курс студенті Г.Омар «Жаңғыру жазудан басталады» тақырыбында баяндамалар оқыды. Колледждің «Лингвист» үйірмесі мүшелерінің «Латын графикасын меңгерудің тиімді жолдары» тақырыбындағы жұмыстары семинар қатысушыларының белсенділігін арттырып, латын әліпбиін тиімді қолдануға деген қызығушылығын оятты.
Семинарға қатысушылар қоғамда өткір қойылып отырған жалпыұлттық маңызы бар мәселе жайлы өзара пікір алмасты.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |