Арал. Аудандағы бірқатар елді мекендерде әлеуметтік маңызы зор жаңа нысандардың іргетасы қаланады деп күтілуде.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Камыстыбас елді мекені мен Сексеуіл кентінен 150 орындық 2 клуб құрылыстары пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар Сексеуіл кентінен спорттық сауықтыру кешені құрылысының жоба-сметалық құжаттары дайындалатын болады. Сексеуіл кентінен бір аусымда 100 адам қабылдайтын ауылдық емхана құрылысы жүргізілмек. Бекбауыл, Қаратерең, Аманөткел ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар мен Сексеуіл кентіндегі 40 орындық аурухана құрылыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленеді.
Сексеуіл кенті тұрғындар саны жөнінен аудан орталығынан кейінгі орында тұр. Онда 10 мыңға тарта адам бар. Қамыстыбас елді мекені де аудандағы іргелі елді мекеннің бірі саналады.