
2017 жылғы 31 қазаны күні Арал қаласындағы «Сартай» балабақшасында «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілін халықаралық дәрежеге шығарады» тақырыбында жиын болып өтті.
Өткізілген жиында бөбекжай әдіскері С.Каримова: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек» - деген сөзімен бастады. Біз ендігі кезекте елбасымыздың саясатын бір ауыздан қолдап, осы мақсатқа жету үшін бірлесе отырып жұмыстар атқаратынымызды айтып өтті. Бұл ертеде ата – бабаларымыздың қолданған әліпбиі екендігін, оны қайта қолданысқа енгізе отырып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашамыз деді.
Біз қандай әліпби түрін пайдалансақ та, ең бастысы, төл тіліміздің қалпын сақтап, еліміздің мертебесін биіктете берсек – сол біздің үлкен жетістігіміз деп, – сөзін аяқтады. Сөз соңында жиынға қатысушылар латын әліпбиіне көшу жолында бірлесе отырып жұмыстар жасап, қолдау көрсететіндерін айтып өтті.