Шиеліде 4 мектептің құрылысы жүргізіледі

Шиеліде 4 мектептің құрылысы жүргізіледіШиелі. Биыл ауданда 4 мектеп, 3 клуб құрылысын жүргізуді жоспарланып отыр. Сондай-ақ, "Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша 5 ауылға ауыз су жүргізіледі.
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев халыққа есеп беру қорытынды жиналысында осындай мәліметтерді мәлімдеді. Жиында аудан әкімінің баяндамасынан кейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сейтсұлтан Әйімбетов сөз алып, халыққа Елбасы Жолдауын кеңінен насихаттады. Сонымен қатар, жиынға ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Аманғалиев, облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әміреев қатысты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 ақпан 2014 г. 824 0