«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

Қазалы ауданындағы Ү.Түктібаев атындағы №88 мектебінде бүгін мектеп мұғалімдерімен «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел өткізілді.

Пікірлесуде мектеп мұғалімдеріне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалышова Айгүл латын әліпбиінің графикасының жаңа үлгісін таныстырып шықты. Шара барысында мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Ахмет  өз сөзінде, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Тәуелсіздік алған күннен бастап қазақ тілін көтеруге назар аударып келе жатқанын, соның айғағы ретінде латын әрпіне көшу бастамасының тіліміздің мәртебесін көтеру жолындағы нақты қадам екенін жеткізді.

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі  А. Мұханов Елбасымыздың латын әліпбиіне көшу саясатының өте дұрыс шешім екенін және де түбі бір түркі елдерінің латын әліпбиін пайдаланып отырғандығын, сонымен қатар әлем елдерінің ІТ технологиясында және білім мен ғылым салаларында латын әліпбиінің екінші әліппе ретінде қолданатындығын айтты. Биология пәнінің мұғалімі Г.Тлеумбетова өз сөзінде, латын қарпіне көшу – бұл әлемдік білім саласын игеру екенін, бүкіл әлем қарым-қатынас жасайтын ағылшын тілін жастарымыздың тезірек үйренуіне мүмкіндік ашылатындығын жеткізді.

Дөңгелек үстелге қатысқан мектеп мұғалімдері өз пікірлерінде латын әліпбиіне көшіруді бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 941 0