Қазақстанның үш облысында ескерту жарияланды

Қызылорда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 
1 қараша - 2 қараша күні түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. 2 қарашада Қостанай облысының кей аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. 2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с айналасында болады, екпіні 23 м/с-қа жетеді, көктайғақ болуы ықтимал.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 513 0