« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
2017 жылғы үшінші тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 147 988 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 104,8%, ал нақты жалақы индексі 98,0% құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 272,8 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 1,8 есеге асты);
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 271,1 мың теңге (1,8 есеге асты);
Ақпарат және байланыс саласында – 215,7 мың теңге (1,5 есеге асты);
Өнеркәсіп саласында – 208,5 мың теңге (1,4 есеге асты);
Құрылыс саласында – 205,9 мың теңге (1,4 есеге асты) белгіленді.
Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 90,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,9%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 275,9 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,9 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 98,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,7%-ға төмен.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |