ҚАЗАЛЫДА МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметші өзінің іс-әрекетінде заң принциптерін, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативті актілерін басшылыққа ала отырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын сақтауға, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға тиіс. Заңнамада «мүдделер қақтығысы» ұғымы бірінші кезекте мемлекеттік қызметте қолданылады.
Осы мәселені талқылау мақсатында аудан әкімдігінде мәжіліс өтті. Аудан әкімі аппаратының басшысы Асанжан Ешнияз ашып, жүргізіп отырған жиында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметі саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қуаныш Әбілдаев мүдделер қақтығысын болдырмау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Маулен Қайруллаев сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған шаралар жөнінде мәлімдеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 528 0