АРАЛДА КӨНЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙЛЕР ТАЛАПҚА САЙ АБАТТАНУДА

Қазіргі таңда Арал ауданы бойынша алпыс алты көпқабатты тұрғын үй бар. Оның қырық жеті үйі Арал қаласында болса, он сегіз үй ауданға қарасты Сексеуіл кентінде және бір үй Жақсықылыш кентінде орналасқан.
Осы аталған көппәтерлі үйлерге 2014-2015 жылдары «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, Арал қаласындағы 10 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Биылғы жылы да аталған игі шара жалғасын тауып, жөндеуді қажет ететін 36 үйдің 10 үйіне аудандық бюджет есебінен бөлінген қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Соның ішінде, Арал қаласында орын тепкен № 100, № 102, № 104, № 112, № 114, № 116, № 118, № 120, №124 көппәтерлі тұрғын үйлерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көпқабатты үйлердің шатыры және есік терезелірі жаңартылып, подъездің ішіне жөндеу жұмыстары жасалды.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 539 0