Байқонырда кешенді стратегия іске асырылуда

Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017 - 2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясыіске асырылуда.

Аталған кешенді стратегия Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды ынталандыру негізінде заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастырып, оған берілетін әлеуметтік-құқықтық көмек тиімділігіне сенімін арттырып, қоғамға бейімделу мүмкіндігі қарастырылған.

Осыған байланысты Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаметінің Байқоңыр қалалық пробация қызметі аталған кешенді стратегияны іске асыру мақсатында Қармақшы аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Байқоңыр қаласы бойынша секторымен бірлесіп «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес, Байқоныр қаласындағы "Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжі" білім мекемесіне слақшы, қаптаушы-тасшы және тігінші мамандықтары бойынша Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған Г.Серикбаева, Е.Кубеков, Р.Далиев есімді азаматтарды кәсіптік даярлауға жіберілді. Кәсіптік даярлауды өту кезінде аталған азаматтарға ай сайын 21 787 мын тенге шәкірт ақы төленеді.

Сонымен қатар Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-нің ЗК-169/5 түзеу мекемесінен босатылып,  Байқоңыр қалалық пробация қызметінің есебіне алынған В.Жук есімді азаматқа әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Байқоңыр қаласына тіркеуге алуға құжаттар рәсімделіп, 15 000 теңге материалдық көмек көрсетіліп, Ресей Федерациясының халыққа әлеуметтік көмек көрсету басқармасы арқылы Байқоңыр қаласындағы №1 тұрғын үй мекемесіне жұмысшы ретінде жұмысқа орналастырылды.

Кешенді стратегияның мақсаты - түрмеден босатылған және пробация қызметінде тіркелген адамдарға жан-жақты әлеуметтенудің ұлттық жүйесін құру, оның тиімді жүзеге асыру шарттары, бұл қайталанған қылмыстың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Н.С.Баймурзаев

Байқоныр қалалық пробация 

қызметінің бөлім бастығы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 503 0