Альварестің промоутері Головкинмен екінші жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екенін айтты

Golden Boy Promotions промоутерлік компанияның негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN Deportes-ге берген сұхбатында Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) пен қазақстандық орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин арасындағы қарымта жекпе-жегі қай жерде өтуі мүмкін екені туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, олар жекпе-жек үшін ең жақсы жерді таңдаулары керек. Реванш өтеді деген нұсқалардың ішінде Лас-Вегас, Даллас және Лос-Анджелес қалалары бар.
«Жекпе-жек үшін ең жақсы стадион қажет. Бұл жанкүйерлердің жекпе-жекті қайдан көргісі келетіндіктеріне де байланысты», - деді промоутер.
Де Ла Хойя Головкин мен «Канело» арасында болатын екінші жекпе-жек Мексикада да өтуі мүмкін екенін айтты.
«Барлығы да «Канело» мен жанкүйерлерге байланысты. Көпшілік оны Мексикада көргісі келеді. Azteca стадионы халыққа лық толатынына сенімдімін. Барлығы да жекпе-жектің қарқынына байланысты болады. Жұртшылық оның Головкин, Джейкобс және Лемье арасындағы жекпе-жегін көргісі келеді», - деді ол.
«Канелоның» промоутері Канадада 16 желтоқсанда бұрынғы орта салмақтағы Дэвид Лемье (38-3, 35 КО) және осы салмақтағы WBO белбеу иегері британдық Билли Джо Саундерс арасында өтетін жекпе-жегінен кейін Головкин мен «Канело» арасындағы екінші жекпе-жек туралы келіссіздер қайта жалғасатынын айтқан еді. Дегенмен Головкиннің промоутері Том Леффер GGG-дің желтоқсандағы қарсыласы британиялық Билли Джо Сондерс немесе пуэрторикалық Мигель Котто болуы мүмкін, ал Сауль Альвареспен реваншты 2018 жылдың мамырында өткізуге мүмкіндік бар екендігін айтқан болатын. Бұған дейін Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда өтуі мүмкін екені айтылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйек күні Головкин мен Альварес жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен тең түскен еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 533 0