
Жаңа нұсқадағы латын әліпбиінің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына қолдау білдіру, сала мамандарының ой-пікірін ортаға салып, талқылау мақсатында «Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі – заман талабы» тақырыбында ақпарат сағаты өтті. Аталған басқосуды Сырдария аудандық балалар кітапханасының қызметкерлері мен «Жыр жауһары» жас әдебиетшілер клубы ұйымдастырды. Ақпарат сағатына кітапхана оқырмандары, мектеп оқушылары, кітапханашылар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ақпарат сағатын аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Майра Балмағанбетова жүргізіп, латын әліпбиіне көшуі – заман талабы екенін атап өтті. Сонымен бірге, бұл бастаманың жаңғыру жоындағы мемлекет үшін тиімділігі жөнінде мысал келтірді. Іс-шарада аудандық орталық кітапхананың библиографы Сейтен Сайра ақпараттық кеңістікке еркін енуге жол ашатанын айтса, кітапханашы Гүлмайра Асанова өркениет көшіне сай бастама екенін атап өтті. Басқосу барысында кітапханашы Эльмира Ахметова оқу залында «Латын графикасы – қоғамның рухани жаңғыруы мен жаһандануының негізі» тақырыбында кітап көрмесімен таныстырып, әдебиеттерге шолу жасады.
Ақтөре Ибрагимұлы.