Арал. Ағымдағы жылы ауданда апаттық жағдайдағы 8 мектеп ғимаратының құрылысы жүргізілмек. Онда 1110 баланы білім алады. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мұндай білім ошақтары Бөген, Жіңішкеқұм, Құмбазар, Қосаман, Бекбауыл, Жаңақұрылыс, Ақеспе, Тоқабай елді мекендерінде бар. Сонымен қатар Арал қаласы мен Жалаңаш елді мекенінде 370 баланы қамтитын балабақша құрылыстары жүргізілетін болады. Сондай-ақ, Құланды, Шижаға елді мекендеріндегі орта мектептердің жоба-сметалық құжаттамалары әзірленеді.