Партиялық жоба аясында

«Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалының өкілдері бастаған арнайы топ «Сәтті қадам» партиялық жоба аясында «Болашағыма бүгінгі бастау» тақырыбында жастармен кездесіп, Елбасы Жолдауын және Конституциялық реформасы нәтижелерін талқылады.

Кездесу кент орталығындағы №201 мектеп-лицей ғимаратында өтті. Білім ұясының шәкірттеріне болашақта көшбacшылыққa өз oйын aшық түpдe aйтa бiлyгe жәнемамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндірілді.

«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» партиялық жо­басының басты бағыттарының бірі – түлек­терге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жү­зеге асыру. Таңдаған ма­мандық бойынша білім ордасын тә­мам­дағаннан кейін, сол бағытта халқына адал қызмет ету, еңбегінің жемісін көру кез кел­­ген жастың арманы және мақсаты еке­ні айтпасы да түсінікті. «Нұр Отан» пар­тия­сы жүзеге асырып отырған «Сәтті қа­дам» жобасы жас буынның үлкен өмірден өз орнын табуына жәрдемдесіп, олардың ма­ман ретінде қалыптасуына, өзіндік сеп­тігін тигізеді– деді аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Мұстафаева.

Кездесу барысында «Жас Отан» Жастар қанаты Жалағаш ау­дан­дық бөлімшеснің  басшысы Айбек Әбдірахманов сөз алып, партияның «Сәтті қадам» жобасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жалпы ауданда  Ұлттық бірыңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған 18ал тестілеуге мүлдем қатысаған 78 түлектер анықталды. ҰБТ- дан өте алмаған 18  түлектің 4–і  жоғары, 14-і арнаулы орта оқу орындарына қабылданды. Мүлдем қатыспаған түлектер де партия назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Оларды «Сәтті қадам» партиялық жобасы аясында жұмысқа орналастыру бағытында түрлі ұйымдармен жұмыстар жасалып жатыр»,- деді Айбек Әбдірахманов.

Кездесуде оқушылар мемлекет тарапынан білім аламын, жұмыс жасаймын деген барлық жастарға мүмкіндік мол екенін жасырмады. Мәселен, 11 сынып оқушысы Анель Балмағанбетова: қазіргі таңда елбасымыз болашақ жастардан көптеген үміт күтеді.Сондықтан біз сол сенімді ақтап, алға қадам басып, өзімізді тек алға жетелеуіміз керек деп  өз ойын айтты.

Шара соңында партия филиалының өкілдері оқушыларға сәттілік тілеп, алдағы сынақтардан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдірді. Бұл кездесу оқушылардың мамандық таңдауда өз септігін тигізері сөзсіз.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қараша 2017 г. 506 0