« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше Қазалы жұртшылығы өзінің саңлақ ұлы, танымал ақын, ұлағатты ұстаз, арда азаматы Абдулла Сапарды ақтық сапарға шығарып салды. Ақынмен қоштасуға келген жұртшылықтың қарасы өте мол болды.
Көшеді ауыр сұр бұлт,
Тұрғандай аза , мұңды ұғып.
Өлімге қимай иесін,
Тырнайды жерді ит ұлып.
Көтеріп ұлын өрелі,
Бетке алды қауым төбені.
Аттанды соңғы сапарға,
Дүр ақын, текті өрені.
Жаралған таза жыр үшін,
Кеуделі, асқақ , өр мүсін.
Ажалдың оғы сұлатты,
Өлеңнің керім бір құсын.
Қан жапты дала, белесті,
Күн нұры тартып көмескі.
Алдырды қалай ажалға?
Белдессе осал емес – ті.
«Алланың ісі жөн» деген,
Жөн сөзге кімдер көнбеген?
Төбеде жатыр өр ақын,
Ажалдан басқа жеңбеген!
Жұмабек Табынбаев,
Қазалы ауданы.
Жанқожа батыр ауылы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |