Қазалы. Қазалы ауданындағы үш мыңға жуық мүгедектің 192-і жұмысқа жарамды. Өткен жылы жұмыссыз ретінде есепте тұрған 58 мүмкіндігі шектеулі жанның 28-ы қоғамдық жұмысқа орналасса, 7 адам тұрақты жұмысқа тұрды. Сондай-ақ, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына жіберілсе, 2 адам жастар тәжірибесінен өттіп, 1 адам несие алып, кәсібін ашты.
Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың қабылдауына келген мүгедектердің көбісі одан жұмысқа орналастыруға жәрдем беруін өтінді. Мәжіліс депутаты жарымжан жанжардың талап-тілегін тыңдаған бақылауға алатынын жеткізді.