« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Пробация қызметінің мақсаты есепте тұрған азаматтардың тарапынан жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу және қажеттілігіне қарай әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету.
Қармақшы аудандық пробация қызметі аталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек түрлерін көрсету барысында жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдармен бірлесіп өзара іс-қимыл жұмыстарын жүргізуде.
Жүргізіліп отырған жұмыстардың нәтижесінде, Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі және «Қорқыт елі-Қармақшы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жеке кәсіпкер Р. Аширов Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған бес отбасына және Жосалы кентінде тұратын тұрмыстық жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында олармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында, жеке кәсіпкер Р.Аширов аз қамтылған азаматтардың мұң-мұқтаждарын тыңдап, оларға азық-түлік түрінде қайрымдылық көмек көрсете отырып, алдағы уақытта бұл үрдіс жалғасатындығын жеткізді.
Жақсыбек Жүнісов,
Қармақшы аудандық пробация
қызметінің аға инспекторы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |