Шиелі. Ауданда биыл күріш көлемі мың гектарға ұлғайтылады. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлайды.
Өткен жылы Шиеліде 7,5 мың гектар жерге күріш егілді. Оның әр гектарынан 41,7 центнерден өнім алынды. Биыл егілетін күріш көлемі 8,5 мың гектарға жетеді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жақсылық Әлиевтің айтуынша, одан өзге ауданда жүгері егу 100 гектардан 300 гектарға, жоңышқа егу 6 мың гектардан 10 мың гектарға өседі.