ӨҢІРЛІК ФОРУМ

Сейсенбіде Қызылордадағы «Бастау» бизнес орталығында «Kyzylorda-Franch - 2017» форумы өтті.

Форумның негізгі мақсаты – франчайзинг қарым-қатынастарын ұлғайту арқылы аймақта шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал жасау, жергілікті кәсіпкерлер мен отандық, шетелдік франчайзер компаниялары арасында тиімді байланыс орнату.

Жиынды Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице-президенті Әдемі Досжанова жүргізіп отырды. Қауымдастық президенті Бекнұр Қисықов, «Даму» қоры Қызылорда филиалы директорының міндетін атқарушы Ғабит Құлмахан және тағы басқа қатысушылар баяндама жасады. Сонымен бірге, форум барысында табысты франшизалардың таныстырылымы, отандық және шетелдік франчайзер компанияларымен B2B кездесулер, тақырыптық презентациялар ұйымдастырылды.

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2017 г. 532 0