СҰЛТАН БЕЙБАРЫС КӨШЕСІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТТІ

Өңірлік коммуникациялар қызметі қайта жаңғыртылған Сұлтан Бейбарыс көшесіне баспасөз турын ұйымдастырды. Расында бұған дейін аталмыш көш екі жолақты болып, жиі көлік кептелісі, салдарынан жол көлік оқиғалары орын алатын.
Осыған орай, бюджеттен 246 млн теңге қаралып, жолды кеңейту жөнінде шешім қабылданды. 18 қыркүйекте құрылыс жұмыстары басталды.
"Жолдың жөнделетін бөлігі 1,7 шақырым, жалпы ені 14 метрді құрайды. Мердігері УАД" ЖШС-і. Жол кеңейіп, 4 жолақты болды. 5 қарашаға дейін толық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, белгіленген уақытынан ерте аяқтауда", – деді облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов.
Бүгінде Сұлтан Бейбарыс көшесінде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.















ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 қазан 2017 г. 702 0