
Қазгидромет 31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болып, жел күшейеді.
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.
Күндіз Жамбыл, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Маңғыстау, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс-Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз қатты жел соғуы мүмкін.